Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Болашақ мамандығын таңдаудағы кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен  ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындары арасында  30 қараша және 10 желтоқсан аралығында 16 кәсіптік бағдар берушінің қатысуымен  «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық қашықтан бейнероликтер байқауы өтті.

Конкурсқа ұсынылған барлық бейнероликтердің мазмұны талапкерлер үшін маңызды және өзекті болды.

Қазылар алқасының бағалау қорытындысы  және YouTube арнасында ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 2021 жылдың ең үздік кәсіби бағдар берушілері анықталып, келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын - Санарова Александра Николаевна, «Гуманитарлы-техникалық колледж» ЖШС;

2 орын - Самалғажы Гүлнұр Сымыққызы, «Геодезия және картография жоғары колледжі» КМҚК, Семей қ.;

3 орын - Булатова Динара Булатовна, Курбанбекова Малика Жолдасбековна, «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК, Өскемен қ.

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!