Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2023 жылдың 19 желтоқсан күні ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының кәсіптік бағдар берушілері арасындағы қашықтықтан өтетін облыстық «Үздік кәсіби бағдар беруші» бейне-роликтер байқауына дауыс беру басталды. Төмендегі колледждердің бейне-роликтерімен танысып, белсенділік танытып, өз пікірлеріңізді қалдыруларыңызды сұраймыз.

  1.  Төкенова Ақерке Аймұханбетқызы, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
  2.  Байкереева Жансая Аблайқызы, Өскемен көпсалалы технология колледжі;
  3.  Быкова Ольга Фёдоровна, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі;
  4.  Рашидова Аяулым Рашидқызы, Марқакөл ауылының Мектеп-интернат-колледжі;
  5.  Тааранова Анель Сериковна, С. Аманжолова атындағы ШҚУ Жоғарғы колледжі;
  6.  Даулетова Айгуль Токтаубековна, Глубокое аграрлық колледжі.

Ашық дауыс беру ағымдағы жылдың 22 желтоқсанына дейін Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының Instagram және Facebook парақшаларында жүргізіледі.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!