Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Болашақ мамандығын таңдаудағы кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында 19-22 желтоқсан аралығында 6 кәсіптік бағдар берушінің қатысуымен «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық қашықтықтан бейнероликтер байқауы өтті.

Конкурсқа ұсынылған барлық бейнероликтердің мазмұны талапкерлер үшін маңызды және өзекті болды.

Қазылар алқасының бағалау қорытындысы және кәсіптік білім беру орталығының Facebook парақшасында ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 2023 жылдың ең үздік кәсіби бағдар берушілері анықталып, келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын - Таранова Анель Сериковна, С. Аманжолова атындағы ШҚУ Жоғары колледжі;

2 орын - Рашидова Аяулым Рашидқызы, Марқакөл ауылының Мектеп-интернат-колледжі;

3 орын - Төкенова Ақерке Аймұханбетқызы, Өскемен жоғары политехникалық колледжі.

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!