Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылғы 9-10 қазан күндері Семей, Өскемен қалаларында тәуелсіз сарапшылардың қадағалауымен «WorldSkills Kazakhstan – 2019» Ұлттық чемпионатының қатысушыларына арналған тиісті модульдар бойынша бақылау срездері аяқталды. 

Чемпионат қатысушылары  теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдай түсіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін, іскерліктері мен дағдыларын көрсете білді. Алдағы уақытта осы бағытта жүргізілетін жұмыстар өз жалғасын табады. Болашақ білікті мамандарымызға алдағы сайыста тек сәттілік тілейміз.