Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО білім басқармасының Кәсіптік білім беру орталығы ағымдағы жылғы 23-25 қыркүйек аралығында WorldSkills Kazakhstan-2019 ұлттық чемпионатына қатысушылардың жалпы және кәсіби құзыреттілігін игеру деңгейін объективті бағалауды анықтау мақсатында 41 құзыреттілік бойынша бақылау срездерін  өткізуде.

Практикалық білімдерді бақылау срезі WorldSkills стандартының кәсіби модульдері бойынша студенттердің алған білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының сапасын жүйелі тексеруді қарастырады. Бақылау срезін білім басқармасының тәуелсіз бақылаушыларының қатысуымен кәсіптік модульдер бойынша колледждердің тәуелсіз сарапшылары өткізеді. Ұлттық чемпионатқа қатысу - өз кәсіби шеберлігінің дағдыларын көрсетуге тамаша мүмкіндік. WorldSkills сияқты чемпионатты жеңу үшін сапалы дайындықтың жоғары деңгейде болуы өте маңызды. Біз қатысушыларымыздың үлкен жетістікке жететіндіктеріне сенеміз!