«Стоматологиялық клиникалардағы орта медициналық кадрлардың тапшылығын төмендету» тақырыбында дөңгелек үстел
Білім басқармасы ағымдағы жылдың 10 қаңтарында «Стоматологиялық клиникалардағы орта медициналық кадрлардың тапшылығын төмендету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына облыстық білім басқармасының басшысы Чернышёва Инесса Александровна, денсаулық сақтау басқармаларының басшысы Жигитаев Төлеген Хайруллаевич, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж директорлары және Өскемен қаласының стоматологиялық клиникаларының басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызының ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарында стоматологиялық бейіндегі мамандарды даярлау туралы, ШҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Асет Бердығалиұлы Адылханның ТжКБ бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру үшін кадрларға қажеттілікті айқындау туралы, облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Хайруллаевич Жигитаевтың стоматология саласын кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдайы туралы, Өскемен стоматологиялық колледжінің директоры Байгулин Қайрат Биахметұлы және Өскемен жоғары медициналық колледжі директорының орынбасары Динара Сансызбайқызы Бегімжанованың жұмыс берушілердің талаптары бойынша кадрларды даярлау сапасы, өндірістік тәжірибеден өту және колледж түлектерін жұмысқа орналастыру туралы, сондай-ақ стоматологиялық клиникалар басшылары: «Асыл төре» ЖШС Кабимолдин Дәулет Қайырбекұлының, «Стоматология» ЖШС Титевская Лидия Михайловнаның, «DENTA VIP» ЖШС Зиновьев Сергей Борисовичтің және «Диана 97» ӨК Кисанова Лаззат Нұрсабетқызының бос орындардың болуы және қаланың стоматологиялық клиникаларында жас мамандарға жасалатын жағдайлар туралы баяндамалары тыңдалды.
Дөңгелек үстелде стоматологиялық бейіндегі мамандарды даярлауда колледждер мен жұмыс берушілердің өзара ынтымақтастығын одан әрі нығайту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында дөңгелек үстел модераторы, білім басқармасының басшысы Чернышева Инесса Александровна қорытындылап, баяндамашылар мен тыңдаушыларға алғысын білдірді.