«Өзін-өзі тану» пәні бойынша курстар
2020 жылдың 01 қыркүйегінен бастап «Өзін-өзі тану» пәні факультативтік санаттан міндетті жалпы білім беретін пәндер тізбесіне ауысты. 2020 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР БҒМ «Бөбек» ҰҒПББСО» РМҚК және ШҚО КББ орталығының ұйымдастырушылық қолдауымен «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушыларына типтік оқу бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулардың мазмұны бойынша әдістемелік вебинар өткізілді. Вебинарға облыстың 80 оқытушысы қатысты. Вебинар барысында «Бөбек» ҰҒПББСО ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Алиев Бақыт Шалабайұлы оқыту нәтижелерін бағалау, сондай-ақ «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқытушыларға біліктілікті арттыру жайында бүгінгі күнгі өзекті мәселелерге шолу жасады.