Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстар
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуі аясында НЗМ ДББҰ Республикалық педагогикалық шеберлік орталығында (бұдан әрі - ПШО) 2020 жылдың шілдесінде облыстың жалпы білім беру пәндерінің 24 жетекші оқытушысы оқудан өтті. Ағымдағы жылдың тамыз айында ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының басшылығымен ШҚО жаттықтырушылары облыстың мемлекеттік колледждерінен 25 топты құрайтын 468 педагогті «Каскадты» әдіспен оқытып шықты. Екі апталық курстың қорытындысы бойынша оқытушылар сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар, НЗМ ДББҰ ПШО мемлекеттік емес колледждердің педагогтері үшін өтеулі негізде осыған ұқсас оқытуды ұйымдастырды. Бүгінгі таңда ПШО арқылы 53 адам курстан өтті және мемлекеттік емес колледждердің 200-ге жуық оқытушысы оқуын жалғастыруда. 2020 жылдың 21 қыркүйегінен бастап осы қағида бойынша НЗМ ДББҰ ПШО-да 4 педагог-жаттықтырушы оқиды, олар алдағы уақытта облыстың мемлекеттік колледждерінің «Дене шынықтыру» пәнінің 110 оқытушысына жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өз білімдерін беруге дайын болады.