Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«TALAP» КЕАҚ ТжКББ ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында  2023 жылғы 16-27 қазан аралығында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі базасында ШҚО колледждері директорлары үшін «Білім берудегі менеджмент: заманауи білім беру жағдайындағы  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының тиімді стилі» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.

            Тыңдаушылардың курстық бағдарламасын меңгеру нәтижесінде колледждерді дамытудың стратегиялық міндеттерін іске асыру үшін корпоративтік басқару қағидаттарын, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін баламалы қаржыландыру көздерін тарту құралдарын қолдануы көзделген.