Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстары
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2022 жылғы 3-14 қазан аралығында Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің базасында халықаралық талаптар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары үшін «Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын жүргізуде. Бағдарламаның мақсаты ТжКОБ ұйымдарының қызметін тиімді дамыту үшін басшылардың көшбасшылық және басқарушылық құзыреттерін дамыту болып табылады. Оқыту барысында тыңдаушылар нақты кәсіби міндеттерді шешуді, стратегиялық және жедел мақсаттарды жоспарлауды және анықтауды, жобалық басқаруды жүзеге асыруды, командада жұмыс істеуді, креативті идеяларды іске асыруды және қолданыстағы нормативтікқұқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес өз жұмысының нәтижелерін қорғауды үйренеді.