Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   Мектеп оқушыларын колледждерде дайындалатын мамандықтарымен таныстыру мақсатында «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ жоспарына сәйкес 2023 жылы 10 қарашада Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі мен Алтай қаласының технология колледжі базаларында мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында «PROFI – БОЛАМЫН» кәсіптік бағдар беру квест-ойыны өтті. Аталған іс - шараға Өскемен қаласының Оралхан Бөкей атындағы №44 Лицейінен, Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінен, № 9 орта мектебінен, Алтай қаласының № 8 орта мектебі мен № 11 орта мектептерінен 80-нен астам оқушылары қатысты.

   Ойын барысында оқушылар команда, капитан, атын таңдап, ұрандар ойлап тауып, тіркеліп, ойын станциялары арқылы маршрут парағын алып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады. Нәтижесінде квест-ойын жеңімпаздары  дипломдармен марапатталды.

   Бұл жұмыс облысымыздың басқа колледждерінде оқу жылының соңына дейін жалғасатын болады.