Энергетика саласындағы үздік педагогтер ШҚО-да жиналды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында WorldSkills стандарты негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы басталды.
Мақсаты – шығармашыл педагогтерді анықтау және қолдау, энергетика саласындағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату.
21 – 25 мамыр күндері өтетін конкурста республика колледждерінен 17 арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысып кәсіби шеберліктерін көрсетеді.
Қатысушылардың жұмысын мекемелерден келген сарапшылар мен компатриот сарапшылар бағалайды.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!