Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 26 мамырда  ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Глубокое техникалық колледжімен бірлесіп, жаратылыстану пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Жаратылыстану ғылымдарының үздік оқытушысы – 2023» облысаралық байқауын өткізді. Мақсаты - мамандарды даярлау сапасын арттыру; колледж оқытушыларының педагогикалық қызметіндегі шығармашылығын дамыту. Байқау келесі кезеңдерден тұрды: «Эссе», «Менің әдістемелік идеям», «Инновациялық педагогикалық қызметтің презентациясы».

Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

Бас жүлде – Куспанова Лаура Узакбаевна («М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК);

І орын – Кусбекова Акмарал Шайкеновна («Бесқарағай колледжі» КММ);

ІІ орын – Мұқашева Жәйна Назымқанқызы («Авиценна» жоғары медициналық колледжі» білім мекемесі);

ІІІ орын –Слямова Асемгуль Тулюгеновна («Көлік колледжі» КМҚК).

Сондай – ақ, «Зерттеуші - оқытушы» - Торношенко Валентина Александровна («Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі» КММ), Балыкбаева Асемгуль Советкановна («Құрылыс колледжі» КМҚК) - «Өз пәніне деген құштарлығы үшін» номинация иегерлері анықталды.

Құттықтаймыз!