Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Болашақ мамандығын таңдаудағы кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында 28 қараша және 27 желтоқсан аралығында 11 кәсіптік бағдар берушінің қатысуымен «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық қашықтықтан бейнероликтер байқауы өтті.

Конкурсқа ұсынылған барлық бейнероликтердің мазмұны талапкерлер үшін маңызды және өзекті болды.

Қазылар алқасының бағалау қорытындысы және кәсіптік білім беру орталығының Facebook парақшасында ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 2022 жылдың ең үздік кәсіби бағдар берушілері анықталып, келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын - Токтарова Айым Дулатовна, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жоғары IT колледжі;

2 орын - Төкенова Ақерке Аймұханбетқызы және Оразгалиева Мадина Сериковна, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

3 орын - Икамбаева Анель Каныбековна, «Риддер аграрлық техникалық колледжі» КМҚК және Құмарова Жансая Аблайқызы, «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ».

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!