Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 11 сәуірде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Риддер колледжінің базасында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Орман шаруашылығының үздік қызметкері» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.

Конкурсты ұйымдастырушылар: ШҚО кәсіптік білім беру орталығы, Риддер колледжі.

Конкурстың мақсаты - ТжКБ педагогтерінің кәсіби біліктілігін және қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру.

Конкурсқа «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Конкурс 2 кезеңде өткізілді. 1 кезеңде қатысушылар «Еңбекті қорғау», «Қауіпсіздік техникасы», «Орман таксациясының теориялық негіздері» және «Орман шаруашылығының теориялық негіздері» пәндері бойынша теориялық білімдерін көрсетті.

 «Техникалық құжаттаманы ресімдей отырып, кеспеағаштарды бөлу және таксациялау» тәжірибелік бөлімі «Далалық геодезиялық өлшеулер жүргізу», «Далалық таксациялық өлшеулер жүргізу», «Алынған материалдарға камералдық өңдеу жүргізу» тапсырмаларын қамтыды.

Конкурсқа қатысушылар оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық тәсілдерді қолданудағы кәсіби іскерліктері мен дағдыларды, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіптік-педагогикалық лексикаға ие екендігін көрсетті.

CIS бағдарламасы бойынша жеңімпаз және жүлдегерлер анықталды:

«Алтын медаль» - Янтер Ирина Аликовна, «Риддер колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы;

«Күміс медаль» - Донковцова Катерина Андреевна, Мокина Марина Фаилевна, «Риддер колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушылары.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтаймыз!