Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

«Мамандықтар жаршысы» байқауына қатысуға шақырамыз!

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ, «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ ұйымдастыруымен  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жұмысшы мамандықтары жылын үздік ақпараттық сүйемелдеуге арналған облыстық «Мамандықтар жаршысы» байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

-Жұмысшы мамандықтарын насихаттау және қоғамда олардың маңыздылығын арттыру.

-Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу.

-Бұқаралық ақпараттық құралдарда, ресми сайтта, әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға ынталандыру.

Байқауға облыстағы барлық ТжКБ ұйымдары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін колледж өз инстаграмм парақшасында байқауға қатысатыны туралы #МамандықтарЖаршысы хэштегімен жазба (пост) жариялауы және @shygys_bilim_basqarmasy, @kasiptik_bilim_beru_ortalyqy ресми парақшаларын белгілеуі қажет.