Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«AltayTVETFORUM- 2016»

МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ

 

Техникалық және кәсіптік білім беру мен оқыту

 

Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Форумның өткізілу мерзімі: 2016 жыл, 08-09 желтоқсан

Форумның өту орны: «Алтай» Шығыс Қазақстан аймақтық технопаркі, Серикбаев көшесі, 37.

Талқыланатын мәселелер:

  • 1 секция  – «Техникалық және кәсіптік білім берудегі коммерциялық емес серіктестіктер» (донорларға конференция);
  • 2 секция  – «Техникалық және кәсіптік білім беруде үштілді білім беру бағдарламасын дамыту»;
  • 3 секция – «Техникалық және кәсіптік білім беруде халықаралық және аймақаралық ынтымақтастық»
  • 4 секция  – «Техникалық және кәсіптік білім берудегі Hi-Tech технологиясы».

 

Форум қатысушылары:

  • Халықаралық ұйымдар өкілдері, донорлар;
  • Астана, Алматы қалалары және облыстық білім басқармаларының өкілдері;
  • Астана, Алматы қалалары және облыстық ТжКББ жүйесіндегі оқу орындар өкілдері;
  • Кәсіпорындар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары.

Қатысушылар саны: 300 адам (оның ішінде, БАҚ, ұйымдастырушылар).

Форумның мақсаты:

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту үшін диалогтік алаңдар құру, инновациялық жобаларға қаражат беру мен кәсіби байланыс жүйесін кеңейту.

Формуның міндеттері:

- кадрлар даярлауда заманауи халықаралық үздік білім беру жобаларын енгізу мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатудың перспективаларын талқылау;

- халықаралық және жергілікті деңгейдегі ТжКББ жүйесінде орын алып жатқан өзгерістердің шешімін талқылауда кәсіпқойлар арасында өзара қарым-қатынасты нығайту;

- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық жобаларға қаражат құюды тарту;

- оқу орындар түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасында серіктестік және ынтымақтастық орнатуды дамыту.

Форум форматы:

2016 жыл 08 желтоқсан

14.00 - 14.30- форумның ашылуы;

14.30 - 16.30- пленарлық сессия отырысы;

16.30 - 17.00- пресс-орталық жұмысын ұйымдастыру

2016 жыл 09 желтоқсан

09.00 - 12.30 – диалог форматында секция қатысушыларының өзара келіссөздері;

14.00 - 16.00 -  «Education to business» форматында кездесу, бірлескен қызмет жоспарын келісіп, бекіту;

16.00 - 17.00 -  форумның жабылуы.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру:

Формуның өткізілу барысында Форум спикерлері мен қатысушыларының журналистер және тілшілермен қарым-қатынасын орнату мақсатында форумның пресс-орталығы жұмыс жасайды. Осыған орай, интернет желісі орнатылып, қатысушылар тізімі беріледі (жұмыс берушілер, донорлар, мемлекеттік ұйымдар өкілдері, оқу орындар басшылары).

Күтілетін нәтижелер:

  • халықаралық және аймақаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынасты орнату және нығайту;
  • ТжКББ ұймдарының имиджін арттыру мен ілгерілету;
  • ТжКББ жүйесін дамыту үшін донорлар қаражаттарын мобильдеу;
  • ТжКББ жүйесіндегі әлеуметік серіктестерінің жаңа векторы;
  • ТжКББ халықаралық және аймақтық сарапшылар үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мен технологиялық өрлеуін ынталандыру және қолдау мәселелері бойынша талқылау платформасын құру.

Қатысушылардың қызығушылықтары бойынша ұысынлатын саяхаттар:

  • ШҚО ТжКББ ресурстық орталықтары;
  • ШҚО ТжКББ орталығы;
  • Сенім ресурстық орталығы (ТжКББ студенттердің сексуальді және репродуктивті денсаулық бойынша білім аяларын кеңейту);
  • Модульдік-құзыретті оқу бағдарламаларын енгізу;
  • Мектеп-интернат-колледж;
  • Этнопарк; 

Interstate forum «Altay TVET FORUM- 2016»