Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2023 жылғы 15 ақпанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастырумен «Педагогтерді аттестаттау кезінде әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында облыстық семинары өткізілді. Семинар жұмысына ШҚО білім басқармасы ТжКБ бөлімінің бас мамандары мен ШҚО кәсіптік білім беру орталығының, сондай-ақ колледж әдіскерлері қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығын талқылап, колледж педагогтерін аттестаттау кезінде кездесетін мәселелер туралы сұрақтарға жауап алды.