«Посткеңестік кеңістік елдерінің ЕврАзЭО шеңберінде кірігуі» тақырыбындағы халықаралық Диалог алаңы
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қоғамдық ғылымдар пәндер негіздері облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Innovative College» мекемесімен бірлесіп, «Посткеңестік кеңістік елдерінің ЕврАзЭО шеңберінде кірігуі» тақырыбындағы халықаралық диалог алаңының қорытындысын шығарды.
Мақсаты - посткеңестік елдердің интеграциялық процестерінің дамуын талдау, Тәуелсіздік жылдарындағы саяси, экономикалық, мәдени, спорттық жетістіктердің даму деңгейін анықтау.
Халықаралық диалог алаңының жұмысына: Ош технологиялық университеті, Б.М.Мурзубраимов атындағы халықаралық Үзген технология және білім беру институты, Ж.Баласағұни атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің кәсіптік колледжі, Бішкек қ. (Қырғызстан); «Алтай мемлекеттік университеті» Федералдық Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің колледжі, Барнаул қ. (Ресей Федерациясы) оқу орындары қатысты.
Диалог алаңы барысында білім беруді дамыту перспективалары, өңірлерді экономикалық, мәдени дамыту мәселелері туралы, т.б. мазмұнды пікірталастар өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру ортасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсынымдар қабылданды.