«Қазіргі қоғамның құқықтық және экономикалық аспектілерін тиімді дамыту механизмі» тақырыбында халықаралық қашықтықтан ғылыми – практикалық конференциясы
«ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ және Семей қаласының «Innovative college» мекемесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай «Қазіргі қоғамның құқықтық және экономикалық аспектілерін тиімді дамыту механизмі» тақырыбында халықаралық қашықтықтан ғылыми – практикалық конференциясын өткізді. Конференцияға барлығы 60 жуық баяндама ұсынылды. Қатысушылар арасында Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы колледждері студенттерінің жұмыстары да бар. Сарапшылар Д.Б. Байхадулин мен М. Б. Молдажанов ұсынылған баяндамалардың жалпы санынан үздік жұмыстарды атап өтті. Конференцияның барлық қатысушылары ШҚО кәсіптік білім беру орталығы мен «Innovative college» мекемесінің сертификаттарымен марапатталады.