«Геодезия және картография жоғары колледжі» КМҚК 75 жылдығына арналған «Геодезия бүгін және ертең» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
Бүгін, 2021 жылғы 18 қарашада Семей қаласының Геодезия және картография жоғары колледжі базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Геодезия және картография жоғары колледжінің 75 жылдығына арналған «Геодезия бүгін және ертең» (РФ оқу орындарының халықаралық қатысуымен) колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, топографиялық-геодезиялық сала өкілдері арасында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Конференция ШҚО білім басқармасымен, ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен өткізілуде. Конференция мақсаты: геодезия және картография саласындағы озық инновациялық тәжірибені жинақтау және тарату. Конференция 3 секция бойынша өткізіледі: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы геодезия» («Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім алатын ЖОО мен колледж студенттер үшін); «Геодезия және картография саласындағы инновациялар» (жұмыс берушілер және топограф - геодезиялық саланың өкілдері үшін); «Геодезия бүгін және ертең» (ЖОО мен колледж оқытушылары үшін). Конференция жұмысы ертең, 2021 жылдың 19 қарашасында жалғасатын болады.