Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылдың 29 ақпанында Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжінде студенттер шағын ғылыми қоғамының жұмыс жоспарына сәйкес КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтың 100 жылдығына арналған «Шығармашылық - ақпараттық қоғамның маңызды белгісі ретінде» атты халықаралық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

          Конференция мақсаты – адамгершілік, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және кәсіби қызметте зерттеу және жобалау дағдыларын сапалы қолдана білу.        

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Ильясова Г.Б.  және колледж директоры Нургалиев М.К. құттықтау сөз сөйлеп, Халықаралық студенттік ҒТК қатысушыларына сәттілік тіледі.

«Өрлеу» БАҰО ШҚО бойынша кәсіби даму институты» АҚ кафедраның аға оқытушылары Жаксылыкова Гульмира Идрышевна және Бексолтанова Толкын Толеубековна «Креативті ойлауды қалай дамытуға болады: табысқа жетудің тәжірибелік әдістері мен стратегиялары» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.

Халықаралық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан және Ресей Федерациясынан, сондай-ақ Абай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарынан 50-ден астам студенттері қатысып, тәжірибе алмасты.

 Іс-шара соңында үздік баяндамалар авторлары  анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.