Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылдың 29 сәуірінде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы мен Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі ІТ бағытындағы  облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Ең үздік компьютерлік графика және дизайн» мемлекетаралық конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты - студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту,  практикалық қызметте ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануға тарту.

Байқау 2 кезеңнен тұрды: іріктеу және үй тапсырмасын ұсыну.

Конкурсқа қатысуға барлығы 24 өтінім берілді, оның ішінде 13 жұмыс іріктеліп алынды.

Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жоғары деңгейін және олардың жетекшілерінің кәсіби әлеуетін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ номинация иегерлері анықталды:

І орын - Морозов Тимур Раильевич, «Семей» колледжі»;

ІІ орын - Базадырова Мария Сергеевна, Радиотехника және байланыс колледжі;

ІІІ орын - Мамаканова Анеля Амангельдыевна, Геологиялық барлау колледжі.

«Үздік дизайн» номинациясы - Алексеев Алексей Алексеевич («Семей» колледжі»); «Ерекше жұмыс» - Беляева София Николаевна (Радиотехника және байланыс колледжі); «Үздік композиция» - Щетинин Вячеслав Анатольевич («Семей» колледжі»); «Үздік ақпараттық жұмыс» - Мартынова Ульяна Леонидовна  («Семей» колледжі»); «Шығармашылық ізденіс» - Махамбетов Радмир Дамирович (Радиотехника және байланыс колледжі); «Орындау шеберлігі» - Ахмадиева Жамиля Тимуровна («Семей» колледжі»).

Құттықтаймыз!!!