Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 8 желтоқсанда Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында физика пәні бойынша облысаралық олимпиада өткізілді.

Мақсаты - жастардың ғылыми - зерттеу қызметін анықтау және дамыту, оқу пәндерін өз бетінше тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру.

Олимпиадаға 15 колледжден 29 студент қатысты.

Олимпиада  екі турдан тұрды. Бірінші тур тестілеу түрінде өтті. Екінші турда   қатысушылар «Механика», «Жылу физикасы» бөлімдерінің тақырыптары бойынша есептерді шығарды.

Екі турдың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын - Ходжаев Фарух Анваржонович, Өскемен жоғары медициналық колледжі; Нұрлыбай Алуа Ермұратқызы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі; Кенжебаева Еркежан Ержанқызы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;

2 орын- Тұрдақын Диана Асқарқызы, Сагамбеков Алтынбек Даулетович, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары ІТ-колледжі; Вострышева Мария Сергеевна, Қазақстан-Америкалық еркін университетінің Жоғары колледжі;

3 орын - Советова Нұрай Сержанқызы, Өскемен жоғары медициналық колледжі; Купенова Бэлла Махамбеткызы, Өскемен экономика және қаржы колледжі; Тоқтаубеков Қайсар Қуатұлы, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі.