Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы жаратылыстану ғылымдары оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Глубокое техникалық колледжі» КММ -мен  бірлесіп 2023 жылғы   28 сәуірде  ШҚО және Абай облысы колледждерінің бірінші курс студенттері арасында химия және биология пәндері бойынша  облысаралық олимпиадасын  өткізді. Мақсаты – студенттердің химия және биология пәндерін оқуға қызығушылығын арттыру, дарынды және талантты студенттерді анықтау. Олимпиадаға барлығы 28  студент қатысты. Олимпиада 2 тур бойынша өтті. Олимпиада барысында қатысушылар «Органикалық химия», «Бейорганикалық химия», «Жалпы биология» пәндері бойынша теориялық білімдерін және есеп шығару арқылы практикалық дағдыларын көрсетті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

          Биология пәні бойынша:

         І орын - Ширяев Александр, Бейбітұлы Ерали (Өскемен жоғары политехникалық колледжі), Оразхан Аяужан (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);

         ІІ орын - Белешев Дмитрий (Өскемен көпсалалы технология колледжі), Советқан Аида (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);

         ІІІ орын- Бородулина Анастасия («Квансон» Қазақстан-Корей колледжі), Бакытбеков  Санжар (Политехникалық колледжі, Абай облысы).

            Химия пәні бойынша:

         І орын - Айтказина Аяулым (Өскемен жоғары медицина колледжі), Кенжебай Ғазиза (М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі);

         ІІ орын - Оразаева Кербезхан (М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі), Медведев Митрофан (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);

ІІІ орын - Пушин Елизар (Глубокое аграрлық колледжі), Бояринова Эвелина,  Жансаитов Роман (Өскемен жоғары медицина колледжі).