Техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Трактор биатлоны» облысаралық кәсіби шеберлік байқауы
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 26-27 маусым күндері Абай облысының білім басқармасы «Үржар колледжі» КММ базасында Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының ауылшаруашылық саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Трактор биатлоны» атты облысаралық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Самар аграрлық-техникалық колледжінен Бабаев Александр қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – Жақсылықов Еламан Ақылбекұлы.
Женімпазды шын жүректен құттықтаймыз!