Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ауылшаруашылық бағытындағы «Ветеринария» мамандығындығы бойынша студенттер арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде «VetPro» аймақаралық кәсіби шеберлік конкурсын өткізді.

Аталған іс-шараға облыстың 6 колледжінен 6 студент қатысты.

Конкурс форматы келесі тапсырмаларды орындауды қарастырды: Wordwall бағдарламасы бойынша ситуациялық тапсырма, ірі қара және ұсақ қара малдың күре тамырынан қан алу техникасын көрсету, жануарлардың ағзасына дәрілік заттарды енгізу әдістері.

Конкурс қорытындысы:

1 орын – Пиунов Вадим Викторович, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті; 

2 орын – Марат Ерасыл Бауыржанұлы, Зайсан технология колледжінің студенті;

3 орын – Жаныс Меруерт Сабитқызы, Павлодар облысы «Ертіс» жоғары аграрлы инновациялық колледжінің студенті; Қуаныш Нұргелді Нұрланұлы, Абай облысы Шәкәрім жоғары колледжі.