Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы А. Садыкованың басшылығымен шалғайда орналасқан колледж ұжымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында  мобильды жұмыс тобы құрылып, 2016 жылдың 28 қыркүйегінен 1 қазан аралығында «Үржар колледжі» КММ ұжымына  ШҚО ТжКББ және кадрлар даярлау орталығының әдіскері А. Шакерова, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш. Кекубаева, ресурстық орталықтың меңгерушісі Д. Ожиканова келесі іс-шараларды жүргізді:

1. Колледж оқытушылары  мен студенттеріне «Дәмділігіне қарай асыңызды таңдаңыз» (тәжірибелік оқыту), «Ас мәзірін безендіруде қолданылатын карвинг» (тәжірибелік оқыту) тақырыбында шеберлік сабақ өткізілді:

2. Нормативтік құжаттар мен оқу-жоспарын жүргізу мен безендіруге әдістемелік көмек көрсетілді;

3. Материалдық- техникалық базаны жаңартуға ұсыныстар енгізілді.

4. Колледж студенттерімен және жастар арасында суицидтің алдын-алу мақсатында «Репродуктивті денсаулықтың алдын-алу» және «Жасөспірімдерді суицидтан аласатату» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.  

ИПК мобильды топ жұмысының қорытындысы бойынша  колледж студенттерінен сауалнама алынды.