«Жас маман» жобасына қатысушы колледждерінің мониторингі
Бүгін, 2021 жылғы 17 қарашада «TALAP» КеАҚ өкілімен Шығыс Қазақстан облысының «Жас маман» жобасына қатысушы колледждердің Құзыреттілік орталықтарына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар өз жалғасын тапты. Мақсаты: «Жас маман» жобасына қатысушы колледждердің 2020-2021 жылдары жоба аясында сатып алынған құрал-жабдықтардың орналасуы, іске қосылуы және ТжКБ ұйымдары білім алушыларының оқу барысында пайдалануына, шетелдік серіктестің бағдарламалары негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізілуіне мониторинг жүргізу. Сондай-ақ, бүгін Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі мен Риддер аграрлық техникалық колледжі Құзырет орталықтарының жұмысымен таныстыру өткізілгенін атап өткен жөн.