Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 11 сәуірде ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО ТжКББ жүйесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері арасында «Менің әдістемелік қоржыным» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты - білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша педагог қызметкерлерінің шығармашылық бастамаларын дамыту.

Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:

  • пәнді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал;
  • сабақ (оқу сабағы).

«Оқу әдістемелік құрал» номинациясында оқытушылар оқу үдерісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік құралдары мен жұмыс дәптерлерін ұсынды. «Сабақ (оқу сабағы)» номинациясында педагогтер оқытылатын пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келетін кез келген тақырыпқа сабақ немесе оқу сабағын ұсынды. Байқауға барлығы 58 жұмыс ұсынылды. Байқаудың сараптамалық комиссиясы педагогтердің жұмыстарын келесі критерийлер бойынша бағалады:

  • авторлық материалдың жаңашылдығы, бірегейлігі және шығармашылық бағыты;
  • заманауи білім беру, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану;
  • жұмысты безендіру мәдениеті (материалды ұсыну сапасы, материалдың құрылымы, қорытындылардың болуы) және т.б. Қатысушылардың байқау жұмыстарын қорғау презентация түрінде өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері және номинанттары анықталды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/536330?lang=kk

Құттықтаймыз!