Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2025 жылдың 18 ақпанында Өскемен қаласының мектеп оқушыларына арналған «Промтехмонтаж «Өскемен басқармасы» ЖШС-не кәсіби бағдар беру экскурсиясын өткізді. Шараға 100-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.

Экскурсия мектеп оқушыларына өңірдегі сұранысқа ие мамандықтармен танысуға, заманауи технологиялар мен жабдықтарды көруге, сондай-ақ мамандар еңбегінің экономика үшін маңыздылығын білуге мүмкіндік берді.

Кездесуге ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Ақылбек Алима Ақылбекқызы, «Промтехмонтаж Өскемен басқармасының басшысының орынбасары Абылдабек Ерасыл Абылдабекұлы, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Адылхан Асет Бердыгалиулы, Өскемен құрылыс-техникалық колледжінің оқу-өндірістік жұмысының орынбасары Жұмабаев Бауыржан Мауытқазиұлы, сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлері, жас мамандар, түлектер мен колледж студенттері қатысты.

Мотивациялық кездесулер барысында Мұхамеджанов Фарид Кабаевич кәсіпорын қызметкері, еңбек ардагері және Меркульев Артем кәсіпорынның электргазбен дәнекерлеушісі, Өскемен құрылыс – техникалық колледжінің түлегі табысқа жету жолдары, кездескен қиындықтары және кәсіби даму жайлы айтып берді. Оқушылар мансаптық мүмкіндіктер, қажетті дағдылар және кәсіби қалыптасудағы алғашқы қадамдар туралы сұрақтар қойды. 

Шара соңында қатысушылар үшін мамандықтар туралы тақырыптық викторина ұйымдастырылды. Викторина жеңімпаздарына жұмыс біліктілігі бойынша колледжде тегін білім алуға сертификаттар табысталды.

Кәсіби бағдар беру жұмысының маңызды қадамына айналып, жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және еңбек жолын дұрыс жоспарлауына ықпал етті.