#бізбіргеміз #ШҚО #үйдеболайық #үйденшықпаңыз
ШҚО білім басқармасы кәсіптік білім берудегі әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2020 жылғы 17 сәуірде аймақтық колледждерге әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау аясында вебинар ұйымдастырып, өткізді. Сондай-ақ, ҚР БҒМ, БҚО, Ақмола облысы, Қостанай, Павлодар, Екібастұз қалалары білім басқармаларының колледждері мен әдістемелік орталықтарының өкілдері де аталған вебинарға қатысты, жалпы өңір колледждеріндегі вебинар – педагогтерінің мақсатты аудиториясы 89 адамға жетті. Вебинарда ҚОТ жағдайында оқытуды жүзеге асыру тәжірибесін ІТ-бағыттағы жетекші колледж - Электротехникалық колледжі ұсынды. Вебинар барысында педагогтерді толғандыратын өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары, CANVAS платформасында жұмыс тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды. Вебинардағы негізгі айтылған мәселе - аралық бақылауды өткізу және ҚОТ режимінде емтихан қабылдау әдістемесі (жазбаша, тестілік, ауызша) болды. Студенттердің жазбаша емтихан жұмыстарының бірегейлігі мен шынайылығын тексеруге мүмкіндік беріп, бұл тапсырманы орындау кезінде студенттің дербестігін растайтын «антиплагиат» бағдарламасына аса назар аударылды. Вебинар соңында барлық сұрақтарға жауаптар алынып, тыңдаушылар өз ризашылығын білдірді.