«Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Республика күніне орай «Марқакөл ауылының мектеп- интернат- колледжі» КММ аға шебер және арнайы пәндер оқытушысы Мухаметкалиев Серік Қайдарұлы «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Серік Қайдарұлы 41 жылдан астам уақытта кәсіптік- техникалық білім беру саласында адал еңбек етіп, кәсіби жетістіктерге жетіп жүрген тұлға.
Педагогтер арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің облыстық конкурсының жүлдегері. Слесарлық-механикалық тәжірибе сабақтарында практикалық оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың авторы. Даярлаған студенттері «Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» біліктілігі бойынша облыстық байқаудың бірнеше мәрте жүлдегерлері атанған.
Әріптесімізді мемлекеттік наградасымен құттықтаймыз!