Өскемен қаласының мектеп оқушылары үшін Согра ЖЭО базасында «Дублёр күні» өтті
Бүгін, 2025 жылғы 30 қазанда, Шығыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылының іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Согра ЖЭО» ЖШС базасында кәсіби бағдар беруге арналған «Дублёр күні» жобасы өтті.
М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектептің оқушылары өздерін жас мамандар ретінде сынап көріп, өндірістік үдерістермен танысты, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын бақылап, энергетика саласындағы мамандықтар туралы көбірек ақпарат алды.
Бұл жоба оқушыларға нақты кәсіби ортаны көріп, инженерлік және жұмысшы мамандықтарының маңызын түсінуге, сондай-ақ болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.

