«Вирус - иммунитетті жекпе-жекке шақыру: вирустық аурулардың тарихи-философиялық және медициналық аспектілері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы медициналық бағыттағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары медициналық колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 22 ақпанда колледждердің 1-2 курс студенттері арасында «Вирус - иммунитетті жекпе-жекке шақыру: вирустық аурулардың тарихи-философиялық және медициналық аспектілері» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысын шығарды. Мақсаты – зерттеу дағдыларын жетілдіру және зерттеу қабілеттерін дамыту арқылы студенттер тұлғасының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, колледждер арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту және күшейту.
Конференция келесі секциялар бойынша өткізілді:
- «Вирустар - адамзатқа жаһандық сынақ»;
- «Адамзат тарихындағы пандемия: шешу жолдары, әлеуметтік-мәдени салдары»;
- «Вирустық аурулардың валеологиялық аспектілері».
Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде тақырыптың өзектілігіне, ерекшелігіне, мәселе бойынша өз көзқарастары мен тұжырымдарының болуына, сондай-ақ, жұмыс тақырыбының мазмұнына, сәйкестігіне және т.б. ерекше назар аударды.
Конференцияның қорытындысы келесі жүлделі орындарды төмендегідей анықтады:
№1 секция. Вирустар - адамзатқа жаһандық сынақ:
І орын – Рахимов Мади (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);
ІІ орын – Тагаева Альмира (Өскемен жоғары медициналық колледжі);
ІІІ орын – Айтказина Аяулым (Өскемен жоғары медициналық колледжі).
№2 секция. Адамзат тарихындағы пандемия: шешу жолдары, әлеуметтік-мәдени салдар:
І орын – Алиев Ислам (Өскемен жоғары медициналық колледжі);
ІІ орын – Кызырбеков Эльдар (Өскемен жоғары медициналық колледжі);
ІІІ орын – Заданова Айзада (Өскемен жоғары политехникалық колледжі).
№3 секция. Вирустық аурулардың валеологиялық аспектілері:
І орын – Жаксылыкова Ажар (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
ІІ орын – Юнгис Виктория (Өскемен жоғары медициналық колледжі);
ІІІ орын – Завалишина Инна (Өскемен жоғары медициналық колледжі).
Конференцияның барлық жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!