ТжКББ ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2025 жылғы 14 ақпанда облыс колледждерінің директорларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.
Барлық колледждер дабыл түймелерімен, турникеттермен, сондай-ақ бейнені жедел басқару орталықтарына жіберетін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. Білім беру объектілерін күзетуді лицензиясы бар күзет ұйымдары жүзеге асырулары қажет.
Кеңес барысында білім басқармасы басшысының орынбасары А. А. Ақылбек қатысушыларды мемлекеттік және жекеменшік колледждердегі қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша мониторинг нәтижелерімен таныстырды.
Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - білім беру ұйымдарының басты міндеті.
Кеңес соңында колледж директорларына ТжКБ ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.