Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 26 тамыз күні Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің базасында ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі  педагогикалық қызметкерлерінің «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» облыстық тамыз  конференциясы өтті.
Тамыз конференциясына  ШҚО бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Раимбекова Ботагөз Акатаевна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «ШҚО бойынша кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары Саблукова Татьяна Анатольевна, ТжКБ ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, әдіскерлер мен психологтар қатысты.
ШҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақылбек Алима Ақылбекқызы  педагогтер қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, техникалық және кәсіптік білім беру саласында алға қойылған міндеттермен таныстырды.
Конференция аясында ШҚО ТжКБ ұйымдары басшыларының оқу, оқу-өндірістік, тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер мен психологтардың секциялық отырыстары өтіп, тиісті ұсынымдар қабылданды.
Сондай-ақ жиын барысында білімді дамытудағы қосқан үлестері үшін бірқатар педагогтер «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломдарымен, Алғысымен марапатталды.