Балалар жылының өткізілуіне орай «Отбасы – қауіпсіз мекен» бөліміне арналған «Студент жастардың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шеңберінде қолайлы психологиялық-педагогикалық ахуалды қамтамасыз ету» облыстық диалог алаңы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Радиотехника және байланыс колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 25 ақпанда педагог-психологтер облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес балалар жылының өткізілуіне орай «Отбасы – қауіпсіз мекен» бөліміне арналған «Студент жастардың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шеңберінде қолайлы психологиялық-педагогикалық ахуалды қамтамасыз ету» облыстық диалог алаңын өткізді. Диалог алаңында келесі мәселелер қаралды:
- «Қоғамның әлеуметтік осал топтары санатындағы студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін шешудің негізгі үрдістері мен жолдары» - Есембаева Гульназ Толеутаевна, «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
- «Әлеуметтік осал студенттердің психологиялық ерекшеліктері» - Карпачева Надежда Николаевна, «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК педагог-психологі;
- «Колледжде жайлы жағдайларды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар» - Нургазы Дария Акатаевна, «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» КМҚК педагог-психологі;
- «Студент жастардың әлеуметтік осал топтарының ата-аналарымен психологиялық-педагогикалық жұмыс» - Амренова Дина Сериковна, полиция майоры, Семей қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы;
- «Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға құқықтық көмек көрсету» - Новикова Светлана Николаевна, «Психея» психологиялық орталығының басшысы;
- «Үкіметтік емес ұйымдар қызметі шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» - Лылык Николай Александрович, Семей қаласының «Отбасы орталығы» ҚҚ үйлестіруші-психологі.
Диалог алаңының жұмысына ШҚО колледждерінің 60-тан астам педагог-психологтері қатысып, жоғары ұйымдастырушылық деңгейлерін көрсетті. Барлық қатысушыларға, спикерлер мен баяндамашыларға өзекті тақырыптар қозғап, белсенділік және қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!