Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кәсіптік білім беру орталығы ағымдағы жылдың 03 сәуір күні Серебрянка технологиялық колледжімен бірлесіп «ХХІ ғасыр жастары: мәселелері мен болашағы» тақырыбында қашықтықтан колледж студенттері арасында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция жұмысы студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық-ізденіс іс-әрекетінің дағдыларын дамытуға бағытталған. Cарапшылар тобы мүшелерінің қарауына колледж студенттерінің жалпы-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, т.б. бағыттарында 40-қа жуық ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды. Сондай-ақ, конференцияға ұсынылған барлық жобалардың өзектілігін  және студенттердің зерттеушілік дағдыларының қалыптасуы мен заманауи ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу біліктерін атап өткен жөн. Барлық студенттер мен жоба жетекшілерін конференция жұмысына белсенді қатысқандары үшін үлкен алғыс білдіреміз. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар мен жетекшілерге ШҚО кәсіптік білім беру орталығының сертификаттар мен алғыс хаттар тапсырылады.