Облыстық қашықтық ғылыми-теориялық студенттік конференциясы
2023 жылғы 12 мамырда қоғамдық ғылымдар негіздері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары медициналық колледжінің базасында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы: тарихи жады және қазіргі заманның сын-тегеуріндері» облыстық қашықтық ғылыми-теориялық студенттік конференциясының қорытындысы шығарылды. Мақсаты – шығармашылық және дарынды жастардың ізденіс, оқу – танымдық және зерттеу қызметін жандандыру, ТжКБ жүйесі студенттерінің патриоттық тәрбиесіне жәрдемдесу. Конференция келесі секциялар бойынша өткізілді: «ШҚО майдангерлерінің естеліктеріндегі Ұлы Отан соғысы»; «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери медицина»; «Ұлы Отан соғысы: өткеннің тарихи сабақтары және қазіргі заманның сынақтары». Конференция қорытындысы бойынша жүлделі орындар мен «Тақырыптың өзектілігі», «Жерлестер: тарихи жады», «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» номинация иегерлері анықталды.