Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірі менерліктерін дәріптеу, студенттер бойында Отанға деген сүйіспеншіліктерін, ұлтжандылық сезімдерін ояту мақсатында 2024 жылғы 20 мамырда Өскемен жоғары медициналық колледжінде ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы: тарихи жады және қазіргі заманның сын-тегеуріндері» қашықтықтан облыстық студенттік ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция жұмысына облыс колледждерінен 62 студент қатысты.

Конференция «ШҚО майдангерлерінің естеліктеріндегі Ұлы Отан соғысы», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери медицина және ғылым», «Ұлы Отан соғысы: өткеннің тарихи сабақтары және қазіргі заманның сынақтары»  секциялары бойынша өткізілді.

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен, номинация иегерлері «Тақырыптың өзектілігі», «Біз жерлестеріміздің ерліктерін мақтан тұтамыз!», «Авторлық ұстаным», «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» грамоталармен марапатталды.