Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ІТ бағытындағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Innovative Сollege» мекемесімен бірлесіп, 2020 жылғы 22 желтоқсанда ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Graphic design» облыстық қашықтан олимпиадасының қорытындысын шығарды. Олимпиада мақсаты: студенттердің бойында ғылыми-практикалық қызметке, білімге деген қызығушылықтарын қалыптастыру, дамыту және патриоттық сезімді тәрбиелеу. Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде студенттер Corel Draw бағдарламасында жасаған Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эмблемаларды жіберді. Өңірдегі 6 колледждің 10 студентінің жұмысы қаралды. Екінші кезең тестілеу түрінде өтті. Екінші кезеңге қатысу үшін студенттердің электронды пошталарына e-journal.kz сайтына тіркелуге логин және пароль жолданды. Олимпиада қорытындысы бойынша: 1 орын - Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Иванов Сергейге; 2 орын-Геологиялық барлау колледжінің студенті Абдуғали Толғанай Ермекқызына; 3 орын - Жақия Шайжүнісов атындағы Электронды колледжінің студенті Ментаева Қорлан Шыңғысқызына берілді. Олимпида жеңімпаздары мен қатысушылары ШҚО кәсіптік білім беру орталығының грамоталары және сертификаттарымен марапатталды.