Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың 20 қарашасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы  Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай  Абай шығармаларын ұлықтаған ұлағатты ұстаз Қ. Бітібаеваның 75 жылдық мерейтойына арналған колледж білім алушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы облыстық қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға аймақ колледждерінен 30 білім алушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты Абай шығармаларын жас ұрпақтың санасына сіңіруге саналы ғұмырын сарп еткен, абайтану саласына салмақты үлес қосқан Қанипа Омарғалиқызының еңбегін дәріптеп үлгі тұту болды. Әділ қазылар алқасы Сейпутанова А. К. (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к.), Ауғанбаева Б. О. (Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары), Абежанова Б.М. (Глубокое ауданы, «Опытное орта мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, филология магистрі, «Абайтану» бағдарламасының авторы) онлайн олимпиада қатысушыларының жұмыстарын бағалап, жүлделі орын иегерлерін анықтады: І дәрежелі диплом - Құрманғазы Д.  (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі). ІІ дәрежелі диплом - Оқасқалиев Н. (Тарбағатай колледжі); Шығысбекқызы Ж.  (Өскемен жоғары медициналық колледжі); Занова Н. (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж). ІІІ дәрежелі диплом - Турсунханова А. Д. (Шығыс Қазақстан технология колледжі); Смотрикина В. (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі); Джакамбаева Н.Д. (Өскемен экономика және қаржы колледжі); Ерланова М. Е. («Семей» медициналық колледжі); Садыкова А. (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі).  Барлық олимпиада қатысушыларына сертификат берілді.