Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылғы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы «Ауыл шаруашылығы»  бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес, Зайсан технология колледжінің  75 жылдық мерейтойына орай ZOOM платформасында ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында облыстық қашықтан олимпиада өткізілді. Олимпиада мақсаты – заманауи өндірістің талаптарына сай жас мамандардың кәсіби даярлығының сапасын зерделей отырып, мамандығы бойынша үздіктерді анықтау. Олимпиадаға «Фермер шаруашылығы»  мамандығы «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» біліктілігі бойынша 13 білім алушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша өз мамандығы бойынша үздіктер анықталды:

1-орын – Сарқытбаев Д.Ш., Үржар колледжі;

2-орын – Қанатов С.Қ., Абай колледжі;

3-орын – Қабылқақов Б.Ж., Күршім колледжі.

Жүлдегерлер мен оқытушыларды құттықтаймыз!