QUIZ «Педагогика шыңы»
2022 жылғы 30 қарашада педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында ШҚО ТжКБ ұйымдарының педагогикалық мамандықта оқитын студенттері арасында облыстық QUIZ «Педагогика шыңы» зияткерлік ойыны өткізілді. Мақсаты - болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша
кәсіби құзыреттілігін дамыту. Зияткерлік ойын QUIZ форматында 3 кезеңде өткізілді. Қатысушылар берілген сілтеме арқылы арнайы https://wordwall.net/ бағдарламасында жұмыс жасады. Тапсырмалар педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, ғылыми педагогикалық зерттеулер, педагогикалық шеберлік, этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі пәндерінен құрастырылып, дайындалды. Бағалау электронды балдық жүйеде жүргізілді. Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
1 орын - Есімханова Есімгүл (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
2 орын - Жаппарова Зухра (С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі), Газраилова Меруерт
(Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
3 орын - Қапазхан Пәрида (С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі).
Құттықтаймыз!