«Педагогика шыңы» облыстық зияткерлік ойыны
2022 жылдың 21 сәуір күні ШҚО кәсіптік білім беру орталығы педагогикалық бағыттағы оқу әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ШҚО ТжКББ ұйымдарының педагогикалық мамандықта оқитын студенттері арасында «Педагогика шыңы» облыстық зияткерлік QUIZ ойынын өткізді.
Мақсаты: болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша кәсіби құзыреттілігін дамыту; бітіруші топ білім алушыларының педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, этнопедагогика, ғылыми педагогикалық зерттеулер әдістемесі пәндерінен білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Зияткерлік ойын QUIZ форматында 3 кезеңде өткізілді. Қатысушылар берілген сілтеме арқылы арнайы https://wordwall.net/ бағдарламасында жұмыс жасады. Тапсырмалар педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, ғылыми педагогикалық зерттеулер, педагогикалық шеберлік, этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі пәндерінен құрастырылып, дайындалды. Бағалау электронды балдық жүйеде жүргізілді.Ойынға М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Ж. Шайжүнісов атындағы электронды колледж, Семей көп салалы колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4-курс студенттерінен құралған 8 үміткер бақ сынасып, нәтижесінде М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Жумагазина Арника жеңімпаз атанды.Құттықтаймыз!