Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

g

 

2023 жылғы 30 қарашада педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында ШҚО ТжКБ  ұйымдарының педагогикалық мамандықта оқитын студенттері арасында облыстық QUIZ «Педагогика шыңы» зияткерлік сайысы өткізілді. Мақсаты - болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша кәсіби құзыреттілігін дамыту. Зияткерлік сайыс QUIZ форматында 3 кезеңде өткізілді. Қатысушылар берілген сілтеме арқылы арнайы https://wordwall.net/  бағдарламасында жұмыс жасады. Тапсырмалар педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, ғылыми педагогикалық зерттеулер, педагогикалық шеберлік, этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі пәндерінен құрастырылып, дайындалды. Бағалау электронды балдық жүйеде жүргізілді.

Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын – Бақытова Аружан (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);

2 орын – Бекжанова Наздана (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі); Тоқтарханова Шырайлым (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);

3 орын – Мәлікова Мархаббат, Шәріпова Аяулым (С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі); Атбасарова Толғанай (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі).