Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2019 жылғы 4 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы "Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі" КММ базасында ТжКББ жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай әлеуметтік серіктестер кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен «ХХІ ғасырдың кәсіптік білімі: қазіргі жағдайы және болашағы» облыстық конференциясын өткізді. 

Конференцияда өңірдің ТжКББ жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қонақтарға Worldskills халықаралық стандарттары бойынша жабдықталған Құзіреттілік орталығына экскурсия жүргізілді. Бұдан басқа, іс-шараның басында колледж директорлары ТжКББ жүйесін жаңғырту аясында жабдықталған Өскемен жоғары политехникалық колледжі Құзыреттілік орталығымен таныстырылды. Іс-шараның соңында ШҚО ТжКБ жүйесінің ардагерлері мен үздік педагогтеріне ҚР БҒМ төсбелгілері, құрмет грамоталары, алғыс хаттары табысталып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Осы ұйымдастырылған жарқын мереке, ең жоғары мақтауға лайық барлық педагогтер үшін үлкен сыйлық болды! Құрметті ұстаздар, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер тілейміз!