Облыстық мобильді-түсіндіру тобы
Бүгін, Глубокое ауылында «AMANAT» партиясының,«Жастарға кеңес» партиялық жобасы аясында облыстық мобильді-түсіндіру тобы жастар мен тұрғындарға тегін кеңес берді. Мобильді топ құрамына Жұмыспен қамту орталығы, екінші деңгейлі банктер, Oтбасы банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, Білім басқармасы, Жастар саясаты басқармасының өкілдері мен заңгерлер кірді.