Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ауыл шаруашылығы бағыты бойынша оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Зайсан технология колледжімен  бірлесіп 2023 жылғы   12 мамырда  ШҚО колледждерінің студенттері арасында «Шығыс Қазақстан облысының  ветеринария және мал шаруашылығының жағдайы мен даму болашағы» облыстық ғылыми конференциясын өткізді. Мақсаты - жаңартылған білім беру бағдарламасының техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне әсерін айқындау, жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру негізінде өзара тәжірибе алмасу. Конференция «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алатын студенттер арасында жұқпалы аурулар (індеттану, паразитология, микробиология, вирусология), ветеринариялық-санитариялық сараптама және гигиена, мал шаруашылығының өзекті мәселелерін қамтитын 3 бағыт  бойынша өткізілді. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.